Энтони Джошуа DAZN ұсынған бірнеше миллиондық келісімшартты қабыл алды

©Reuters

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы 32 жастағы ұлыбританиялық боксшы ұзақ ойланып, енді қай компаниямен келісімшарт жасау туралы нақты шешімге келді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Джошуаның ұлыбританиялық Sky Sports телеарнасымен келісімшарты аяқталды. Содан соң бұл боксшыда екі таңдау болды. Біріншісі - осы телеарнамен жұмысты жалғастыру. Екіншісі DAZN ұcынған келісімшарт. Осы мәселені боксшы ұзақ ойланды. Сол үшінде оның украиналық Александр Усикпен екінші кездесуі кейінге шегерілді. Соңында Джошуа DAZN сервисі ұсынған келісімшартты қабыл алып, келісім берді. 

Енді бұл келісімшарт бойынша Энтони бір жылда екі кездесу өткізеді. Ал жалпы жаңа келісімшарттан ол бірнеше миллион доллар табыс табады. Сонымен қатар, PPV сатылымнан түскен табыстың бір бөлігін еншілейді. 

Еске салайық, осыған дейін Джошуа мен Усик арасындағы екінші кездесу тамызда өтеді делінген еді. Бұл боксшылар арасындағы бірінші айқас өткен жылы қыркүйек айында "Уэмбли" стадионында өтіп, украиналық боксшы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар