auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Энтони Джошуа 20-шы кездесуін нокаутпен аяқтап, үш титулын қорғап қалды

 Энтони Джошуа 20-шы кездесуін нокаутпен аяқтап, үш титулын қорғап қалды

Супер ауыр салмақта WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық Энтони Джошуа француз Карлос Такамды уақытынан бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі Кардиффтегі Principality стадионында өткен бокс кешінің басты кездесуі болды. Аренада бұл жекпе-жекті 78 мың адам тамашалады. 

Төртінші раундта Джошуа қарсынасын нокдаунға түсірген, алайда көзінен қан аққан Такам тез тұрып кетті. Ұлыбританиялықтың да мұрнынан қан кеткен. Кездесу барысында Такамды дәрігер екі рет қаражы, екі жағдайда да оған кездесуді жалғастыруға рұқсат берген.

Ал жекпе-жек оныншы раундта аяқталды. Рефери Джошуаның шабуылын тоқтатып, техникалық нокаутты тіркеді. Такам болса реферидің бұл шешімімен келіспей, наразылық білдірумен болды.








© Matchroom Boxing

28 жастағы Джошуа осылайша 20-шы жекпе-жегінде 20-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ұлыбританиялық IBF титулын алтыншы рет және украиналық Владимир Кличкодан (64-5, 53 КО) сәуірде тартып алған WBA және IBO титулдарын бірінші рет қорғап отыр.

Ал 36 жастағы Такам осымен үшінші жеңілісіне ұшырады - оның активінде 35 жеңіс бар (27-сі нокаут) және бірі тең аяқталған. Тегі камерундық француз мансап жолында тұңғыш рет әлем чемпионы титулына таласуға мүмкіндік алған. 

Айта кетейік, бастапқыда Джошуаның қарсыласы болгар Кубрат Пулев (25-1, 13 КО) болған, алайда ол иық жарақатына байланысты 16 қазанда кездесуден бас тартуға мәжбүр болды, осыдан кейін ұлыбританиялықтың промоутерлері қарсылас ретінде шұғыл түрде Такамды тапқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама