Екінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) WBC, WBA Super және WBO белбеуі үшін өткен кездесуде Сауль "Канело" Альвареске (57-1-2, 39 КО) біраз қиындық туғызды. Мұндай пікірді Vesti.kz сайтының тілшісіне Delcotimes.com порталының тілшісі Джек МакКаферри айтты. Ол сондай-ақ британдық боксшының жарақаты мен мексикалық боксшыға кімнің лайықты қарсылас бола алатыны туралы ой бөлісті.
Бұл жекпе-жек Арлингтон (Техас штаты, АҚШ) қаласында өтті. Кездесудің сегізінші раундында "Канело" апперкот соққысымен Сондресты жарақаттады. Содан соң британдық боксшы тоғызыншы раундқа шықпады.
"Біз өте керемет кездесуге куә болдық. Сондерс "Канелоға" біраз қиындық тудырды. Менің ойымша, сегізінші раундқа дейін жекпе-жек тең өтті. Альварес аз ғана басымдыққа ие болды. Кейін ол апперкот соққысын жасады. Соққы Сондресті есінен тандырды. Бұл сәтте Сондрестің командасы дұрыс шешім қабылдады. Жекпе-жекті ары қарай жалғастыруға болмайтын еді. Жарақаты тым ауыр болды. Енді Билли қайта осындай жоғары деңгейге шыға алады деп ойламаймын.
Егер жарақат болмағанда, айқас соңына дейін қызық болатын еді. Дегенмен де Сондерс көпшіліктің көңілінен шықты. Ол "Канеломен" бірдей деңгейде жұдырықтасты. Енді бұл салмақта мексикалыққа лайықты қарсылас жоқ. Калеб Плант бар. Бірақ ол Альвареске әлемнің абсолютті чемпионы болуға кедергі жасай алмайды. Ары қарай не болады енді? Жоспар көп. Меніңше, Головкинмен үшінші кездесу - ең үздік таңдау болады. Бұл бүкіл бокс жанкүйерлерін назарын аудартатын кездесу болмақ", - деді америкалық тілші.
Еске салайық, "Канело" Сондреспен кездесудің алдына Головкинмен үшінші кездесу өткізуге дайын екенін айтты. Ол үшін қазақстандық боксшы салмағын көтеру керек. Бұл екі боксшылар осы уақытқа дейін екі рет кездесіп, біріншісінде тең түссе, екінші айқаста Сауль жеңіске жетті.