Профи-бокс
12 ақпан 2018 13:44
 
"Ең үздік болудың бір ғана жолы бар". Чарло Головкин мен Сондерске ескерту жариялады

  Пікірлер

blog.share

"Ең үздік болудың бір ғана жолы бар". Чарло Головкин мен Сондерске ескерту жариялады Джермалл Чарло. © Andrew Hemingway/SHOWTIME

Орта салмақта WBC белбеуіне міндетті үміткер Джермалл Чарло (26-0, 20 KO) өз дивизионының көшбасшыларына ескерту жариялады.

3 наурызда Нью-Йорк қаласында Чарло өз отандасы Уго Сентеноға (26-1, 14 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Осы кездесудің жеңімпазы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында 5 мамырда өтетін жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасады.

"Маған Головкин мен "Канелоға" қарсы жекпе-жек өткізу үшін жер таңдап жату қатты маңызды емес. Ол екеуімен әлемнің кез келген жерінде жұдырықтаса аламын. "Канело" салмағын асырып, орта дивизионда жақсы бастады. Бұл өте жақсы, себебі мен де 154 фунтта өнер көрсеттім. "Канело" енді не істер екенсің? Мен осындамын, балақай. Мен бара жатырмын. Сен қартайып барасың, уақытың өтіп жатыр, ал мен болсам тек шыңдалып жатырмын.

"Канелоға" мен үлкен қауіп келтіремін. Оған менімен жұдырықтасу аса бір абырой алып келмейді. Алайда менің өз фанаттарым, мені қолдайтындар баршылық. Мен әлемнің кез келген нүктесінде Головкин немесе Альвареспен және белбеу бар жерде жұдырықтасуға дайынмын. Мен үшін бұл маңызды емес, кез келген жерге дағдыланып кетемін.

Мен Ұлыбританияға барып Билли Джо Сондерспен кездесіп, белбеуін тартып алуға тырысамын. Мен ұлылардың жолымен жүргім келеді. Бокста ең үздік болу үшін бір ғана жол бар - үздіктермен жұдырықтасу. Мен сол үшін жүрмін", - деді Чарло Thaboxingvoice.com порталына берген сұхбатында.

Жарнама

Живи спортом!