"Эмоциямен қателік жібереді...". Сарапшы Головкин мен "Канело" жекпе-жегі жайлы

©HBO

World Boxing порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы үшінші айқастың басты ерекшелігін айтты. 

"Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу кімнің мықты деген дауға нүкте қояды. Бірінші кездесу қалай басталғанын еске алайықшы. Ол кезде екі боксшы да бір-біріне жылы шырай танытқан болатын. Екінші айқастан кейін олар бір-бірін жек көре бастады. Қазір "Канело" өз ойын ашық айтудан қорықпайды. Головкин болса әлі шамалы сыпайы. Бірақ ол да Альваресті ұнатпайтыны көрініп тұр. Бұлар жеке басқа кетіп қалды. Кек алу керек. Эмоция көбірек. Эмоциямен шаршы алаңға шыққан кезде қателік те кетеді. Сондықтан осы кездесуде көпшілік күтпеген нәтиже тіркелуі мүмкін", - деді Джей. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 18 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар