Профи-бокс
3 сәуір 2017 21:55
 

Елорда әкімдігі Головкин Астанада жекпе-жек өткізеді деп мәлімдеген шенеунікті "жазалады"

  Пікірлер

blog.share

Елорда әкімдігі Головкин Астанада жекпе-жек өткізеді деп мәлімдеген шенеунікті "жазалады" Берік Маржықбаев. Фото astana-sport.kz

Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің келесі кездесуін 17 шілде күні елордада өткізуі мүмкін деп мәлімдеген болатын, деп жазады Vesti.kz порталы.

"Головкиннің келесі кездесуі 17 шілде күні өтетіні белгілі болды. Ол келісімшартқа қол қойып қойды. Жекпе-жек "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл мәселенің анық-қанығы екі аптадан кейін толық белгілі болады. Қазірден бастап ақша жинай беріңіздер. Себебі, бұл бокс кешінің билеттері қымбат болары анық. Бұрнағы күні кәсіпқой бокс кәсіпке айналып кетті. Менің ойымша билеттердің құны 10-15 мың теңге көлемінде болатын шығар",- дейді Б.Маржықбаев.

Алайда елорда әкімдігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Әкімдік аталған шараның ресми ұйымдастырушысы болып табылмайды және аталған бокс кешін өткізу шарттары бойынша ақпараттан хабарсыз.

Шындыққа жанаспайтын ақпарат бергені үшін Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевқа ескерту жасалды.

Айта кетейік, Головкиннің менеджері Олег Герман Vesti.kz порталының тілшісіне Астанада өтетін жекпе-жек туралы пікірін білдірген болатын.

"Қазіргі уақытта Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізетіні туралы нақты ешқандай ақпарат жоқ. Сондықтан да жекпе-жектің қашан, кіммен жұдырықтасатыны туралы айта алмаймыз" - деп жауап қатты GGG-дің ресми өкілі.

blog.share
Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы
Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің келесі кездесуін 17 шілде күні елордада өткізуі мүмкін деп мәлімдеген болатын, деп жазады Vesti.kz порталы.

"Головкиннің келесі кездесуі 17 шілде күні өтетіні белгілі болды. Ол келісімшартқа қол қойып қойды. Жекпе-жек "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл мәселенің анық-қанығы екі аптадан кейін толық белгілі болады. Қазірден бастап ақша жинай беріңіздер. Себебі, бұл бокс кешінің билеттері қымбат болары анық. Бұрнағы күні кәсіпқой бокс кәсіпке айналып кетті. Менің ойымша билеттердің құны 10-15 мың теңге көлемінде болатын шығар",- дейді Б.Маржықбаев.

Алайда елорда әкімдігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Әкімдік аталған шараның ресми ұйымдастырушысы болып табылмайды және аталған бокс кешін өткізу шарттары бойынша ақпараттан хабарсыз.

Шындыққа жанаспайтын ақпарат бергені үшін Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевқа ескерту жасалды.

Айта кетейік, Головкиннің менеджері Олег Герман Vesti.kz порталының тілшісіне Астанада өтетін жекпе-жек туралы пікірін білдірген болатын.

"Қазіргі уақытта Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізетіні туралы нақты ешқандай ақпарат жоқ. Сондықтан да жекпе-жектің қашан, кіммен жұдырықтасатыны туралы айта алмаймыз" - деп жауап қатты GGG-дің ресми өкілі.

Жарнама

Живи спортом!