Елеусіновтің ағасы Головкиннің салмағында WBC белбеуі үшін кездесу өткізеді

Сурет: instagram.com/dauren_yeleussinov
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) орта салмақта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Кездесу Мексиканың Гваделахара қаласында өтеді. Елеусіновтің қарсыласы жергілікті боксшы Хуан Карлос Рэйгоса болады. Мексикалық боксшы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 16 кездесуде жеңіске жетсе (алты нокаут), 15 кездесуде жеңіліп қалған. Үш кездесуде тең түскен. 

Бұл айқаста WBC International белбеуі сарапқа салынады. Бұл екінші деңгейлі белбеу. Боксшыларға әлемдік рейтингте жоғары көтерілуге мүмкіндік береді. Бұған дейін бұл белбеу канадалық Стивен Батлерге тиесілі болған еді. 

Айта кетейік, дәл осы орта салмақта тағы бір отандасымыз Геннадий Головкин өнер көрсетеді. Ол IBF және IBO белбеулерінің иегері.

Бұл салмақта WBC белбеуі америкалық Джермал Чарлоға тиесілі. WBC (Franchise) белбеуі болса, Сауль "Канело" Альваерестің еншісінде. 

Еске салайық, Елеусінов Олимпиада ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусіновтің ағасы. 




Метки:
Жаңалықтар