Профи-бокс
22 шілде 2020 18:59

Елеусінов пен Дычконың менеджері Левитпен жұмыс істегісі келетінін айтты

Сурет: ҚБФ

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсететін Василий Левиттің кәсіпқой бокстағы болашағы жарқын болатын еді, деп санайды Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) пен Иван Дычконың (9-0, 9 КО) менеджері Зия Алиев. Менеджер Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионымен келісімшарт жасауға дайын екенін де мәлімдеді. 

"Шынымды айтайын, мен Левитпен жұмыс істегім келеді. Мен мұны барлық сұхбаттарымда айтып жүрмін. Ол Майамиде оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Менің оның спаррингтерін көрдім. Оның мүмкіндіктері көп. Әрине, маған Левит ұнады. Кәсіпқой бокста табысқа жете алады. Бірақ салмағын ауыстыру керек", - деді Алиев. 

"Олар Олимпиадаға жақсы дайындалып жатыр еді. Өкінішке қарай, Олимпиада биыл өтпейтін болды. Енді келер жылы болатын Олимпиаданы күтіп жүр. Бірақ уақыт өтіп жатыр. Левиттің жасарып жатпағаны анық. Оны кәсіпқой бокста тезірек чемпион болатын жолмен алып жүру керек", - деді менеджер. 

Айта кетейік, Левит әуесқой бокста 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ол Токиода өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алған. Ал, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен ойындарда күмісті қанағат тұтты.