Профи-бокс
10 қыркүйек 2022 11:24

Экс чемпион Головкин мен "Канело" жекпе-жегі немен бітетінін айтты

©Vesti.kz, Турар Казангапов

Төрт салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы болған америкалық Майки Гарсия қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және екінші орта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы айқас қалай аяқталатынын айтты, деп жазады Fightnews.info порталы. 

"Жақсы кездесу. Менің ойымша, "Канело" жеңіске жетеді. Қарсыластар бірін-бірін өте жақсы біледі. Сондықтан жекпе-жектің қай салмақта өтетіні қатты маңызды емес. Олар осыған дейін екі рет кездескен. 

Альварес осыған дейін бұдан да ауыр салмақта өнер көрсетті. Дегенмен ол аса ірі боксшы емес. Карьерасын ол жеңіл салмақтардан бастаған. Осы себепті салмақ бұл кездесуде маңызды рөл ойнамайды. 

Головкинмен салыстырғанда "Канело" жас. Алдағы айқаста Головкин бар күшін салады. Дегенмен Альварестің мерейі үстем болады", - деді Гарсия. 

Айта кетейік, трилогия 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena спорт кешенінде болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport