Профи-бокс
19 қыркүйек 2022 18:05

Экс чемпион Головкин - "Канело" жекпе-жегіндегі төрешілер шешімімен келіспеді

©boxingscene.com

Әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Шон Портер Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесуде төрешілер тіркеген нәтижемен келіспейтінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, бұл кездесу 18 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтті. 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер 116-112, 115-113, 115-113 есебімен жеңісті "Канелоға" берді. 

Портердің айтуынша, бұл жолы төрешілер Головкинге тым көп раундта жеңісті берді. 

"Мен бұл кездесуде тек үш раундта ғана Головкинге жеңісті бердім. Бұл туралы "твиттерде" жаздым. Кәсіпқой боксшылардың кездесулерінде қалай қазылық жасайтынын білемін. Сондықтан менде 9-3 есебі тіркелді. Біз Даниэль Джейкобс екеуміз әлемнің бұрынғы чемпионымыз. Екеумізде де 9-3 деген есеп болды. 

Төрешілер неге мұндай шешім шығарғанын білмеймін. Бірақ олар боксшы емес. Сондықтан олардың есебімен келіспеймін", - деп келтіреді Портердің сөзін Fightnews.info порталы. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport