Екінші раундта құлатты. Бек Нұрмағанбет АҚШ-та жеңіске жетті

©instagram.com/suleimen_promotions_official/

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) АҚШ жерінде өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

WBA International белбеуінің иегері Нұрмағанбет Миннеаполис (Миннисота штаты, АҚШ) қаласында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Оның қарсыласы америкалық Хайнелл Уилер (7-1, 6 КО) болды. Кездесу алты раундқа жоспарланған болатын. Бірақ екінші раундта Бек қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Осылайша, Нұрмағанбет кәсіпқой бокста жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Уилер екінші мәрте жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар