Екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
©Getty Images
Екінші орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британдық Джеймс ДиГейл (23-1-1, 14 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) жазда өтетін жекпе-жегінде қарсылас ретінде көргісі келетінін айтты.
ДиГейл өзінің кезекті жекпе-жегін маусым айында Лондондағы "Арсенал" клубының стадионы - "Эмирэйтс Стэдиумда" өткізгісі келеді екен. Головкиннен бөлек бұл кездесуге британдық боксшының қарсыласы Каллум Смит (22-0, 17 КО), Андре Уорд (31-0, 15 КО) және Джордж Гроувз (25-3, 18 КО) секілді боксшылары болуы ықтимал.
"Головкин? Мен еш қиналмастан бұл кездесу үшін, даңқты чемпионмен жекпе-жек өткізу үшін салмағымды өзгерте аламын.
Сонымен қатар мен Каллум Смитпен де кездескім келеді. Өйткені, ол қазір бабында. Кейбіреулердің пікірі бойынша, ол мені жеңе алады екен-мыс. Мен жұрттың қателесіп жатқанын дәлелдегім келеді.
Уорд та Головкин секілді pound-for-pound бойынша әлемдегі ең көп сұранысқа ие боксшы. Онымен де кездесу мен үшін үлкен мәртебе болатын еді. Мен Головкиннің салмағына түсуге де, Уордтың салмағына көтерілуге де дайынмын. Мен маусымда Лондонда жекпе-жек өткізгім келеді", - дейді ДиГейл The Daily Mail порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің шаршы алаңға маусым айында оралатыны белгілі болған еді. Оның қарсыласы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) болуы әбден ықтимал. Екі боксшының командасы қазір жазда EXPO-2017 кезінде Астанада жекпе-жек өткізуі туралы келіссөз жүргізуде.

Жарнама