"Екінші мүмкіндік". Маман Ербосынұлының WBA белбеуі үшін өтетін кездесуі жайлы ойын айтты

©Suleimen Promotions©

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) өзін көрсетуге екінші мүмкіндік алды. Мұндай пікірді Notifight.com шолушысы Людо Севнс айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол қазақстандық боксшының қыркүйек айына жоспарланған жекпе-жегі туралы ойын бөлісті. 

"Ербосынұлы WBA тарапынан зор қолдауға ие. Денсаулығына байланысты біраз уақыт жекпе-жек өткізбесе де ол рейтингте үздіктердің қатарында. Енді ол мықты қарсыласқа қарсы кездесу алды. Бірақ бұл жерде ең маңыздысы - жекпе-жектің деңгейі. Алдағы айқас оның карьерасын толық өзгертіп жіберуі мүмкін. 

Өткен жолы Ербосынұлы IBF белбеуі үшін міндетті қарсылас атану мүмкіндігінен айырылды. Енді ол өзінің шынайы деңгейін дәлелдеуі керек. Оның болашағы осы кездесуге тікелей байланысты", - деді Сеанс. 

Ербосынұлы мен гайаналық Аллен Леннокс (22-1-1, 14 КО) арасындағы кездесу 12 қыркүйек күні өтеді.

Ербосынұлы IBF белбеуінің чемпионына міндетті қарсылас атануға мүмкіндік беретін кездесуге шығуы керек еді. Оның қарсыласы Евгений Шведенко (15-0, 6 КО) болған. Ал жекпе-жек 17 сәуірде Карлсруэде (Германия) өтуі керек тұғын. Алайда кездесуге бір апта қалғанда қазақстандық боксшы Сovid-19 вирусын жұқтырып алды. 

Сөйтіп Шведенко екінші бір ресейлік боксшы Владимир Шишкинмен (12-0, 7 КО) кездесу өткізуге келісті. Бұл айқас тамыз айында өтеді. 

Ербосынұлы болса соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңді. Бұл кездесуде ол BC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар