Кәсіпқой бокс
7 ақпан 2018 16:33
 
Екінші кездесуді жеңімпазды төрешілер анықтамайды. Мен Головкинді нокаутқа түсіремін - "Канело"

  Пікірлер

blog.share

Екінші кездесуді жеңімпазды төрешілер анықтамайды. Мен Головкинді нокаутқа түсіремін - "Канело" © latimes.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өтетін екінші жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтайтынына сенімді, - деп хабарлайды ESPN Deportes.

"Канело" 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда төрешілерге жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтінін, яғни кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты. Олар бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile Arena аренасында кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

"Барлығы да бірінші жекпе-жекте не болғанын біледі. Мен өзімнің жеңіске жеткеніме толық сенімдімін, алайда төрешілер тең баға берді. Сол себепті де екінші жекпе-жек қызықты әрі маңызды болмақшы. Бұл жолы төрешілер ұпай санап отырмайды. Мен бұл жолы кездесуді нокаутпен аяқтаймын және мен оған дайынмын. Мен ең мықты қалпымда боламын. Мен ең керемет жекпе-жек көрсетуге дайынмын, өз жеңісіме толық сенімдімін. Екінші кездесу біріншіге қарағанда таңғажайып болады", - дейді "Канело".

Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін - Сауль Альварес

"Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін. Бірақ екінші жекпе-жектің қалай аяқталатынын көру керек. Бірінші жекпе-жектен соң Головкинмен бірталай келіссөз жүргізілді, міне, шаршы алаңда қайта жүздесетін болдық. Көрерменге осы кездесу ұнайды деп сенемін", - деді Альварес BoxingScene басылымына.

Жарнама

Живи спортом!