Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) жуық арада шаршы алаңға оралады. Бірақ әзірше қарсыласына қатысты жағдай түсініксіз болып тұр. Енді отандасымыз келесі кездесуін нақты қашан өткізеді? Бұл сауалға Vesti.kz тілшісі жауап іздеп көрді.
Бірден әңгімені ашып алайық. Ахмедовтің дәл қазір келесі кездесуі қашан өтетіні ғана белгісіз емес, сонымен қатар оның қарсыласы да белгісіз болып тұр.
Негізі ол 20 күнде екі кездесу өткізуі керек болған. Бұл BoxRec.com мәліметі. Бірақ бүгін портал Ахмедовтің 26 тамызда Рикардо Адриана Луна Флореске (23-8-1, 15 КО) қарсы 26 тамызда өтуі керек болған бір кездесуін алып тастады.
Енді қазақстандық боксшының бір ғана қарсыласы қалды. Ол - Давид Сегарра (34-5, 21 КО). Бұл кездесу 16 қыркүйек күні Монтебелло қаласында өтеді деп жоспарланған. Әу баста негізі бұл боксшылар маусымда кездесуі керек болған. Бірақ перулік боксшы айқасқа бір күн қалғанда коронавирус жұқтырып алды.
Дегенмен де Ахмедов пен Сегарраның жолы бәрібір түйісетін секілді. Себебі, бұл кездесуді әлі ешкім өтпейді деп хабарламады. Тіпті Сегарраға қарсы кездесудің Ахмедовтің биылға жоспарлаған соңғы кездесуі де емес шығар. Өйткені, оған көбірек кездесу өткізіп, рейтингте жоғары көтерілуі қажет.
Қазір тек күту керек. Қыркүйек айын. Ахмедов жаттығуын жалғастыруда. Ешқандай өзгеріс болып кетпейді деп үміттенеміз. Алиге іске енді кіріспесе, уақыты өтіп кететіні анық.