auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 705 18 999 35
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Екі қазақстандық боксшы Ковалевтың кешінде қарсыластарын нокаутқа түсірді

Екі қазақстандық боксшы Ковалевтың кешінде қарсыластарын нокаутқа түсірді
Мадияр Әшкеев. © Main Events
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та өткен бокс кешінде доминикалық Джонатан Батистаны техникалық нокаутпен жеңді, ал Мадияр Әшкеев эквадорлық Эдуардо Флоресті мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олар АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Сити қаласындағы бокс кешінің андеркартында өнер көрсетті. Бұл кештің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев колумбиялық Элейдер Альвареспен кездесті. Ковалев чемпиондық титулын қорғап қала алмады. 12 раундтық кездесу 7-ші раундта аяқталды. Альварес ресейлік қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, соңында нокаутқа түсірді.

Нұрсұлтанов - Батиста жекпе-жегі сегіз раундқа созылуы тиіс болған, алайда доминикалық боксшы үшінші раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты. Оған дейін қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберген, ал ысқырық шалынғаннан кейін олар ерегесіп өз бұрыштарына бірден кете қоймады.

25 жастағы Нұрсұлтанов сегіз жекпе-жек өткізіп барлығында да жеңіске жетті, оның алтауын мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл оның АҚШ-та өткізген жетінші жекпе-жегі.



33 жастағы Батиста 33 рет жеңіліп, 17 рет жеңіске жеткен. 2015 жылы шілдеде ол бірінші раундта Қанат Иламнан жеңіліп қалған еді.

Нұрсұлтановқа дейін тағы бір қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев эквадорлық Эдуардо Флоресті жеңген еді.

Әшкеев - Флорес жекпе-жегі сегіз раундқа созылуы тиіс болған, алайдатөртінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді. 30 жастағы Әшкеевтің еншісінде 10 жеңіс бар, оның алтауы мерзімінен бұрын аяқталған. 32 жастағы Флорес спорттық мансабында 30 рет жеңіліске ұшырап, 26 рет жеңіске жеткен.

Негізінде Әшкеевтің қарсыласы Клеотис Пендарвис болуы тиіс еді, алайда америкалық боксшы жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда кездесуден бас тартты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама