Екі жыл шаршы алаңға шықпаған Шүменовтің келесі қарсыласы белгілі болды

Бейбіт Шүменов. Сурет: roundbyroundboxing.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің (18-2, 12 KO) келесі қарсыласы белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз өзінің келесі кездесуін 29-қаңтар күні АҚШ жерінде атақты Дон Кинг ұйымдастыратын боксшы кешінде өткізеді. Бұл кеш Голливуд (Флорида штаты) қаласындағы Seminole Hard Rock Casino аренасында өтеді. 

BoxRec.com ақпараты бойынша, 37 жастағы Шүменовтің қарсыласы WBA рейтингінде сегізінші орында тұрған америкалық Рафаэль Мерфи (14-1, 11 КО) болады. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланып отыр. Бұл кездесуде Шүменов WBA Regular белбеуін қорғайды. 

Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында Шүменов негізі бельгиялық Рияд Мерхи (29-1, 24 KO) деген боксшымен кездесуі керек болатын. Бірақ екі боксшының командасы келісімге келе алмады. 

Еске салайық, Шүменов 2018 жылдың шілдесінен бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Соңғы рет ол Астанада түркиялық Хизни Алтункаймен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. 
 

Метки:
Жаңалықтар