Профи-бокс
28 шілде 2020 09:49
 
Екі чемпиондық белбеудің иегері қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте төмен түсіп қалды

  Пікірлер

blog.share

Екі чемпиондық белбеудің иегері қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте төмен түсіп қалды Сурет: twitter.com/nolimit_boxing

Екінші орта салмақта өнер көрсететін WBO Global, WBC Asia және WBA International белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы әлемдік рейтингте төмен түсіп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

26 шілде күні отандасымыз Минск қаласында Нух Лавальмен (27-7, 15 КО) кездесу өткізді. Жекпе-жек барысында неміс боксшысы екі рет нокдаун алып қалды. Бірақ бәрібір кездесуді соңына дейін жеткізе білді. Он раундтық айқастың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Бірақ бұл кездесудегі жеңісіне қарамастан, Ербосынұлы BoxRec рейтингінде жеті саты төмен сырғып, 32-орынға түсіп қалды. 

28 жастағы Ербосынұлы үшін бұл кәсіпқой бокстағы 14 кездесуде 14-і жеңісі еді. Ал 38 жастағы Лаваль болса жетінші рет жеңілді. 

Жарнама

Живи спортом!