auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Егер мен допинг сынақты тапсырмасам, жанкүйерлер мені жеп қоятын еді - Жақиянов Барнеттпен болған жанжалға қатысты пікірін білдірді

Барнетт допинг сынақтан өтпеген еді.

Егер мен допинг сынақты тапсырмасам, жанкүйерлер мені жеп қоятын еді - Жақиянов Барнеттпен болған жанжалға қатысты пікірін білдірді
Reuters©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов Zakon.kz порталына берген сұқбатында британдық боксшы Райан Барнеттке қарсы өткізген жекпе-жектен кейінгі допинг дауына байланысты пікір білдірді. 

"Әдетте жекпе-жектен кейін допинг офицерлері спортшының қасынан кетпей, допинг сынақ тапсыруды міндеттейді. Мен екі сағаттың ішінде тапсырылуы керек барлық анализді өткіздім. Барнетті емханаға алып кетті. Біз оны текст тапсыратын шығар деп күтіп отырдық. Бірақ ол кетіп қалды. Кейін оның мүлде сынақ тапсырмағаны белгілі болды. Менің промоутерім бұл жағдайды бұлай қалдырмайтынын айтты. Ойлап көріңіздерші, егер мен сынақ тапсырмасам не болатын еді? Мен жанкүйерлер жеп қоятын еді ғой. Ал оны қорғаштап, барлығы соның сөзін сөйлеп жатыр", - дейді Жақиянов. 

Жеңіл салмақта WBA және IBF белбеулерін біріктірген жекпе-жек 21 қазан күні Барнеттің туған қаласы Белфестте өткен болатын. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британдық боксшыға берді. Осылайша Барнетт IBF белбеуін сәтті қорғап, Жақияновтың WBA (Super) белбеуіне ие болды.

Жекпе-жектен кейін екі боксшы да міндеттелген допинг сынақтан өтуі керек болатын. Жақиянов сынаманы тапсырса, Барнетт келмеген. Оған себеп британдық боксшының емханаға кетуі болған. Осы жағдайға байланысты Жақияновтың командасы WBA және IBF ұйымдарына шағым білдірді. Бірақ бұл шағымды ешкім де қарастырмады. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар