Допингпен ұсталған америкалық боксшы бір айда екінші кездесуінде жеңіске жетті

©boxingscene.com

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джаррелл Миллер (25-0-1, 21 KO) бір айдың ішінде екінші кездесуінде жеңіске жетті. 

Мерфрисборо (Тенниси штаты, АҚШ) қаласында өткен бокс кешінде Миллер отандасы Дерек Карденастан (8-10, 7 КО) айласын асырды. Алдымен Джаррелл қарсыласын үшінші раундта нокдаунға түсірді. Кейін төртінші раунда нокаутпен жеңді. 

Осылайша, допингпен ұсталып, төрт жылға спорттан шеттетілген Миллер бір айдың ішінде екінші жеңісіне қол жеткізді. Бір ай бұрын, 23 маусым күні ол Аргентинада жеңіс тойын тойлаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар