Онтарио қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) Toyota Arena спорт кешенінде ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) иелік ететін жартылай ауыр салмақта WBA белбеуіне міндетті қарсыласын анықтаған жекпе-жек өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Чемпиондық белбеуге міндетті қарсылас атағын мексикалық боксшы Хильберто Рамирес (44-0, 30 KO) пен германиялық Доминик Бесел (32-3, 12 KO) сарапқа салды. Кездесудің бірінші минутынан мексикалық боксшы үстемдік құрды. Ал төртінші раунда Рамирес қарсыласын нокдаунға түсірді. Осыдан кейін Бесел есиін жия алмады. Сөйтіп төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Рамирес Биволдың чемпиондық белбеуіне міндетті қарсылас атанды. Бірақ ресейлік онымен кездесуден бас тартатын шығар. Себебі, ол қыркүйек айында Сауль "Канело" Альвареспен екінші рет жолығуы мүмкін.