Кәсіпқой бокс
10 тамыз 2022 16:30

Джошуа неге "Канелоның" бапкерінен бас тартқанын айтты

©Reuters

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Энтони Джошуа неге мексикалық Сауль "Канело" Альварестің бапкері Эдди Рейносомен жаттығу өткізбегенін айтып берді. 

Джошуа Александр Усиктен жеңілгеннен кейін Рейносоның залына барып жаттығып жүрді. Бірақ, ұлыбританиялық боксшы түбегейлі бұл маманмен жұмыс істеуден бас тартқан. 

"Мен жеке жаттыққым келді. Сол үшін "Канеломен" бірге дайындалған жоқпын. Сол үшін де мен Рейносомен жұмыс істеуді тоқтаттым. Қазіргі уақытта Эдди өзінің боксшыларына уақытын арнауда, бос емес. Ол осында келе алмады. Мен Ұлыбританияда тұрамын. Осында жаттығамын. Сол үшін де біз Анзель Фернандеспен бірге жұмыс істейтін басқа бапкер таптық", - деп келтіреді Джошуаның сөзін Fightnews.info порталы. 

Еске салайық, Джошуа мен Усик арасындағы бірінші кездесу 2021 жылдың қыркүйек айында "Уэмблиде" (Лондон, Англия) өтіп, украиналық төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Енді екінші кездесу 20 тамыз күні Джиддада (Сауд Арабиясы) өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport