25 қыркүйек күні Лондон қаласында өтетін бокс кешіне қатысатын боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл кештің басты айқасында Энтони Джошуа (24-1, 22 KO) мен Александр Усик (18-0, 13 KO) кездеседі. Салмақ өлшеу рәсімінде британиялық боксшы 108,9 келі тартса, украиналық боксшы 100,3 келі болды.
Еске салайық, бұл кездесуде аса ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулері сарапқа салынады.