Джошуа мен Усик арасындағы екінші кездесудің қашан өтетіні анықталды

©Reuters

Британдық боксшы Энтони Джошуаның менеджері Эдди Хирн украиналық боксшы Александр Усикпен қарымтаның қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды DAZN. 

"Қараша айының соңында Александр Красюкпен (украиналық промоутер және Усиктің менеджері) кездесу жоспарланған. 

Ал екінші кездесу наурыз немесе сәуір айында өтуі керек. Усиктің қабағы қатты жарылды. Енді олар біраз демалыс сұрайтынына сенімдімін. Сондықтан ол желтоқсан айына дейін ешқандай кездесу өткізбейді. Желтоқсаннан кейін бұл кездесу туралы тағы ақылдасамыз", - деді Хирн. 

Еске салайық, Джошуа мен Усик арасындағы бірінші кездесу украиналық боксшының пайдасына аяқталды. Бұл айқаста Александр ауыр салмақта WBA (Super), WBO, IBF және IBO белбеулерін жеңіп алды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар