Энтони Джошуа мен болгарлық кәсіпқой боксшы Кубрат Пулев арасындағы жекпе-жек 28 қазан өтетін болды.
IBF титулының белбеуіне басты үміткер Кубрат Пулев пен IBO, IBF и WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа 28 қазан күні Кардифте жекпе-жек өткізетін болды. Болгариялық боксшы өзінің фейсбуктегі парақшасына кездесу жайлы ойын білдірген екен. Ол өз сөзінде « Энтони өте қауіпті және атақты қарсыласымның бірі. Оның жұдырықтасу мәнері маған өте қолайлы. Біздің жекпе-жекте клинч деген мүлдем болмайды, таза ашық айқастың куәсі боласыздар. Мен жекпе-жекке сақадай сай болып, Джошуаға еш мүмкіндік бермеймін», – дейді Пулев.
Кубрат Пулев шаршы алаңда 25 кездесудің 13-ін уақытынан бұрын аяқтап, бір кездесуде жеңіліске ұшыраса, Джошуа 19 жекпе-жегінің барлығын нокаутпен ұтқан.
Естеріңізге сала кетейік, Энтони Джошуа соңғы кездесуін сәуір айында украиналық Владимир Кличкоға қарсы өткізіп, 11 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Жарнама