Джошуа Кличкоға қарсы жекпе-жекке Геннадий Головкиннің шаршы алаңға шығатын әнімен шықты
©Getty Images
Аса ауыр салмақта IBF, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы британдық боксшы Энтони Джошуа (19-0, 19 КО) украиналық Владимир Кличкоға (64-5, 53 КО) қарсы кездесуге Геннадий Головкиннің шаршы алаңға шығатын әнімен шықты.
Британдық боксшы бұл жекпе-жекке америкалық The White Stripes рок тобының Seven Nation Army әнімен шықты. Бұл әнмен әдетте шаршы алаңға орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) шығады.
"Джошуа жанкүйерлердің көңілін бір көтеріп тастады. Ол шаршы алаңға Головкиннің шығатын әнімен шықты", - деп жазба қалдырды ESPN телеарнасының сарапшысы және АҚШ-тағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль.
Еске салайық, Джошуа мен Кличко арасындағы жекпе-жек 29 сәуір күні Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтіп, 11 раундта британдық боксшының жеңісімен аяқталды.
Осылайша Джошуа 19 жекпе-жегінде 19-ыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол белбеуін қорғап, бос тұрған WBA Super титулын жеңіп алды. Владимир Кличко болса әуесқой бокстағы бесінші жеңілісіне ұшырап отыр.

Жарнама