Джошуа жұдырықтасу керек болған боксшы тағы да допингпен ұсталды

Boxing Scene©
Ең ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джаррелл Миллер жекпе-жегінің алдында тағы да допингпен ұсталып қалды, деп хабарлайды РИА Новости

Миллер 9 шілде күні Лас-Вегас қаласында отандасы Джерри Форестпен кездесуі керек болатын. Бірақ, ол допингпен ұсталып қалды. 

Енді 31 жастағы боксшы бұл іске байланысты тергеу жұмыстары біткенше бокстан шеттетілді. Алдағы кездесуде оның орнын Карлос Такам басуы мүмкін. 

Еске салайық, өткен жылдың маусым айында Миллер аса ауыр салмақтағы WBA, WBO, IBF және IBO белбеулерінің иегері британдық Энтони Джошуамен кездесу керек болатын. Алайда Нью-Йорк қаласында өтетін кездесудің алдында ол допингпен ұсталып, шеттетілген болатын. Оның орнына Джошуаға қарсы Энди Руис шығып, күтпеген жерген британдық боксшыны нокаутқа түсірді. Дегенмен де арада бірнеше уақыт өткеннен соң екі боксшы қайта кездесіп, Джоуша белбеулерін қайтарып алды. 




Жаңалықтар