Джейкобстың Головкинді жеңетін мүмкіндігі бар - Чавес
© mixedmartialarts.com
Аты аңызға айналған мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес алдағы жекпе-жекте Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинді жеңе алады деген сенім білдірді.
"Жекпе-жекте бәрі болуы мүмкін. Головкин pound-for-pound бойынша үздік боксшы. Қолының күшінің арқасында ол 23 қарсыласын нокаутқа түсірген. Аяғы да мықты, техникасы жақсы. Алдағы жекпе-жекте ол басым түсетіндей көрінеді. Бірақ мұның бәрі Дэниэл Джейкобстың мүмкіндіктері мен дайындығын жоқ ете алмайды. Рингте бәрі болуы мүмкін. Головкин - жабайы аңдай адуынды болғанымен, оны жеңуге болады. Әли ұтылды, Тайсон жеңілді. Мен жеңілгенмін. Сондықтан рингте бәрі де мүмкін, Джейкобстың да мүмкіндігі бар", - дейді Чавес ESPN арнасына берген сұхбатында.
Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 19 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бокс кешін "Қазақстан" және KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Жарнама