Үш салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы америкалық боксшы Шейн Мозли отандасының Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте жеңіске жетуіне мүмкіндігі бар дейді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Джейкобстің жеңісті жұлып алуға мүмкіндікі бар! Оның қимылын болжау қиын. Питер Куиллинге қарсы кездесуде не болғанын бәріңіз білесіздер. Ол қарсыласын жекпе-жектің басында соққының астына алып, жеңіске жетті. Оның жойқын соққысы бар және өте жылдам қимылдайды. Ал Головкинның қимылы ауыр. Бірақ оның Джейкобскқа қарағанда иегі мықты. Бұл GGG-дің артықшылығы", - дейді Мозли.
Джейкобс - Куиллин жекпе-жегі:
Еске сала кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін "Қазақстан" ҰТА мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Жарнама