auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Джейкобс пен Лемье жақын арада кездесу өткізбейтін болды

Джейкобс пен Лемье жақын арада кездесу өткізбейтін болды
©fightnews.ru
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) соңғы қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) отандасымыздың тағы бір бұрынғы қарсыласы Давид Лемьемен (38-3, 33 КО) GGG - "Канело" бокс кешінде жұдырықтаспайтынын айтты. 

"Мен Давид Лемьеге қоңырау шалдым. Ол басқа үлкен жоспарлары бар екенін айтты. Оның жоспары нақты қандай екенін білмеймін. Тек Билли Джо Сондерстің соңғы жекпе-жегі болмай қалғанын білемін. Мүмкін бұл екеуі (Лемье мен Сондерс) кездесу өткізетін шығар. Дегенмен менде де жақсы ұсыныстар бар", - дейді Джейкобс Fighthub басылымына берген сұқбатында. 

Еске салайық, бұған дейін Джейкобс Головкин - "Канело" бокс кешінің андеркартында Лемьемен кездесуге дайын екенін айтты. Кейіннен тура осындай мәлімдемені орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері  Билли Джо Сондерс те жасаған еді. Айта кетейік, британдық боксшы шілде айында  Автандил Хурцидзеге қарсы кездесу өткізуі керек болатын. Бірақ АҚШ құқық қорғау қызметкерлері грузиялық боксшыны қамауға алды. Сондықтан да жекпе-жек өтейтін болды. 

Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні 20 мың жанкүйерге арналған Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. Бұл спорт кешенінде мексикалық боксшы екі рет жекпе-жек өткізсе, қазақстандық боксшы бірінші рет жұдырықтасады.






Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
28 қараша, 09:52
Кәсіпқой бокс
Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады

Жарнама

Жарнама