Джейкобс пен Ариас жекпе-жек алдында көз арбасты
Сурет: boxingscene.com
Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) пен Луис Ариас (19-0, 8 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты. Бұл туралы Вoxingscene.com порталы хабарлап отыр.
Олардың кездесуі Астана уақытымен 12 қараша күні Нью-Йорктың маңындағы Юниондейл қаласында өтеді. Бұл бокс кешінде Қазақстанда дүниеге келіп, қазіргі уақытта Нью-Йоркта полицей болып жұмыс істейтін жеңіл салмақтағы кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов (12-0-3, 5 КО) өнер көрсетеді.
Алдағы кездесу Джейкобс үшін қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өткізген кездесуден кейінгі бірінші жекпе-жегі болмақ.
Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы кездесу 18 наурыз күні өтіп, 12 раундқа жалғасты. Кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер Головкиннің жеңіске жеткенін тіркеді. Осылайша отандасымыз WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін сақтап қалды.

Жарнама