SUjVa9Wyp7fPAJLWNzXdWwYxvHxvV98bFdaXRuSu
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Джейкобс Головкинмен екінші кездесу өткізгісі келеді

Джейкобс Головкинмен екінші кездесу өткізгісі келеді
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) екінші жекпе-жек (реванш) өткізгісі келеді. Бұл туралы BoxingScene порталына берген сұхбатында оның менеджері Кит Коннолли айтты. 
 
Еске салайық, бұл екі бокс арасындағы бірінші кездесу 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде өтіп, төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді. 

Конноллидің айтуынша, Головкин мен Джейкобстың екінші жекпе-жегі GGG-дің мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізетін жекпе-жегіне байланысты екен. 

"Егер Головкин дайын болса, біз екінші кездесуді өткізуге келісеміз. GGG - "Канело" жекпе-жегі қыркүйек айында өтетін болса, біз бұл кездесудің де жеңімпазымен жұдырықтасуға дайынбыз. Менің ойымша, қарсылас таңдау тұрғысынан Дэнилдің қазір көп мүмкіндігі болады. Егер GGG - "Канело" жекпе-жегі болмайтын болса, көпшілік Головкин-Джейкобс арасындағы екінші жекпе-жекті көргісі келеді. Өйткені, бұл орта салмақтағы ең қызық жекпе-жектердің бірі болды. 

Головкин өзінің кезекті кездесуін маусымда өткізсе, Дэниэл шілде не тамызда келесі кездесуін өткізуі мүмкін. Сосын жылдың соңында бұл боксшылардың екінші кездесуін ұйымдастыруға мүмкіндік болады. 

Джейкобс Головкинмен екінші жекпе-жекті өткізгісі келіп отыр. Ол Головкиннен қорықпайды. Өткен жекпе-жектің орта белінен асқаннан кейін, Джейкобс жеңіс үшін көп жұмыс істеді. Егер ол тағы да осылай жұдырықтасатын болса, Головкинді оңай жеңеді",- дейді Коннолли. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама