Профи-бокс
19 ақпан 2018 12:34
 
Джейкобс Головкинге қарсылас болады деген польшалық боксшымен жұдырықтасады

  Пікірлер

blog.share

Джейкобс Головкинге қарсылас болады деген польшалық боксшымен жұдырықтасады

Бұрынғы әлем чемпионы америкалық 31 жастағы боксшы Дэниел Джейкобс (33-2, 29 КО) өзінің келесі қарсыласының есімін білді, - деп хабарлайды Vesti.kz BoxingScene.com порталына сілтеме жасап.

Ол - жеңіліп көрмеген польшалық 28 жастағы Мацей Сулецки (26-0, 10 КО). Жекпе-жек 28 сәуірде Бруклиндегі (Нью-Йорк) Barclays Center аренасында өтеді. HBO және Sky Sports телеарналары трансляциялайды.

"Barclays Center аренасына қайтып оралғаныма қуаныштымын. Мен осы жерде өзімді үйде жүргендей сезінемін. Жекпе-жекті ұйымдастырып жатқан Эдди Хирн, HBO және Бретт Йормаркқа алғысымды айтқым келеді. Сулецкиймен өтетін жекпе-жекті асыға күтетін боламын. Ол жеңілмеген, мені тізе бүктіріп, жеңісті жолын жалғастыруды талпынатын болар", - деді Джейкобс.

"Джейкобспен жекпе-жек мен үшін үлкен мүмкіндік, ол орта салмақтағы мықты спортшылардың бірі. Мен тиянақты дайындалып, Джейкобсты жеңуге тырысамын. Польшалық фанаттарды қуантқым келеді", - деді Сулецки.

Айта кетейік, Джейкобас өткен жылы наурызда төрешілер шешімі бойынша, қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілген еді. Қарашада ол төрешілер шешешімен жеңілмеген спортшы Луис Ариасты (18-1, 9 КО) жеңген еді.

Сулецки Головкиннің міндеттелген қарсыластарының бірі. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер 2018 жылғы жоспарда польшалық боксшының кандидатурасын қарастырып жатқанын айтты.

Өткен жылы Сулецки бірінші орта салмаққа өтіп, WBC рейтингінде бірінші орынға көтерілді, ал IBF нұсқасы бойынша төртінші орында.

Жарнама

Живи спортом!