Джейкобс Головкинге қарсы қанша раунд шыдай алады?
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің спаринг қарсыласы Джулиус Джексон қазақстандың боксшы туралы және оның алдағы қарсыласы Дэниэл Джейкобс туралы өз ойымен бөлісті.
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің спаринг қарсыласы Джулиус Джексон қазақстандың боксшы туралы және оның алдағы қарсыласы Дэниэл Джейкобс туралы өз ойымен бөлісті.
"Мен бұған дейін ауыр салмақтағы боксшылармен спаринг өткізгенмін. Бірақ, оларға қарағанда Головкиннің соққысы әлдеқайда жойқын. Оның соққысы мен бұған дейін кездескен боксшылардың барлығынан да ауыр.
Головкин Джейкобсқа қарсы жақсы бір кездесу өткізеді деп ойлаймын. Бүгінгі таңда ол кәсіпқой бокстағы ең мықты боксшылардың бірі. Сондықтан да онымен міндетті түрде санасу керек. Джейкобс та жақсы боксшы. Жақсы қарсылық білдіретін шығар. Менің ойымша, ол Головкинге қарсы он раунда шыдай алады", - дейді Джексон ES News басылымына берген сұхбатында,
Айта кетейік, Виргин аралдарының намысын қорғайтын Джулиус Джексон қазіргі уақытта Геннадий Головкинге Джейкобсқа қарсы өтетін кездесу дайындалуға көмектесіп жатыр. Бұл кездесу 18 наурыз күні Нью-Йоркте өтеді. Джексоннан бөлек, отандасымызға Пол Мендес, Кит Макнил және Киандре Лезервуд секілді боксшылар дайындық жұмыстарын өткізуге көмектесіп жатыр.
Подробнее: http://vesti.kz/profi/231022/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz
Жарнама