Профи-бокс
4 қазан 2017 11:50
 
Джейкобс Головкинге қарсы қалай 12 раунд шыдағанын айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Джейкобс Головкинге қарсы қалай 12 раунд шыдағанын айтып берді

Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) оосы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсы қалай 12 раунд шыдағанын айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Бокс - тек қара күштің айқасы емес, ақылдың да айқасы. Сонымен қатар мұнда тәжірибе де үлкен рөл ойнайды. Менің тәжірибем бар. Мен оны Головкинге қарсы өткен кездесуде жақсы қолдандым. Рингке шығар алында боксшы психологиялық тұрғыдан мықты дайын болуы керек. Ал Головкинге қарсы жекпе-жекте мен толық дайын болдым. Сол үшін де орта салмақтағы әлемнің үздік боксшыларының біріне 12 раунд тойтарыс бердім", - дейді Джейкобс Boxingscene порталына берген сұқбатында.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Дэниель Джейкобс арасындағы кездесу 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде өтіп, 12 раундқа жалғасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Жарнама

Живи спортом!