Профи-бокс
24 сәуір 2018 11:05
 
Джермалл Чарло өзімен кездесуден қашып жүрген Головкинді сынап тастады

  Пікірлер

blog.share

Джермалл Чарло өзімен кездесуден қашып жүрген Головкинді сынап тастады givemesport.com

Орта салмақта WBC белбеуінің міндетті қарсыласы америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 KO) осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) өзімен кездесуден қашып жүргені үшін сынап тастады. 

Чарло өткен аптада кіші Уго Сентеноны (26-2, 14 КО) жеңіп, орта салмақтағы WBC белбеуінің уақытша чемпионы атанды. Сол кездесуден кейін де Чарло Головкинді жекпе-жекке шақырған болатын. 

"Головкин ұйқыға жатар кезде мен туралы ойлап жататынын білемін. Ол өзін қандай қарсылас күтіп тұрғанын біледі. Жас, салқынданды, мықты боксшы тосып тұр. Ол мен. Ол өзіне қысым түсіп жатқанын біледі. Мен міндетті қарсыласпын. Бірақ Головкин менімен кездескісі келмейді. Ал мен Triple G-ға қарсы кездескім келеді. Себебі, ол карьерасын аяқтауға жақын. Мен тамыз айында шаршы алаңға қайта ораламын. Шамасы туған қаламда (Хьюстонда) келесі кездесуімді өткізетін шығармын. Ары қарай да жанкүйерлерге керемет нокаут сыйлағым келеді. Головкин қазір кездескісі келмейді. Дегенмен ертелі - кеш ол менімен жұдырықтасуы керек. 

Менің мақсатым - әлемдегі мықты боксшылардың бірі ретінде барлық белбеуді біріктіру. Сондықтан да мен мықты боксшылармен үлкен кездесу өткізуді қалаймын. Мен Головкиннің не істейінін білмеймін. Бірақ ол қаша беретін болса, жанкүйерлер де одан теріс айналып кетеді", - деп келтіреді Чарлоның сөзін Premierboxingchampions.com порталы. 

Головкин мен Мартиросян жекпе-жек алдында бірінші рет көз арбасты

Еске салайық, Головкин шаршы алаңға 5 мамыр күні Лос-Анджелес қаласының (Калфиорния штаты) маңындағы Карсон қалашығындағы StubHub Center спорт кешенінде шығады. Оның келесі қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян болады. Ол допингпен ұсталған Сауль "Канело" Альварестің орнын басады. 

Жарнама

Живи спортом!