Джермалл Чарло Головкинді сынға алып, оның алдағы кездесуіне болжам жасады
©boxingnews24.com
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы болған, бүгінде орта салмақта жұдырықтасып жүрген Джермалл Чарло (25-0, 19 КО) аргентикалық боксшы Хорхе Себастьян Хейландпен (29-4-2, 16 КО) өткен кездесуден кейінгі жоспарларымен бөлісті.
Чарло мен Хейланд арасындағы кездесу 29 шілде күні Нью-Йорк қаласында өтеді. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы қазіргі уақыта WBC белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) міндетті қарсыласы болады.
"Орта салмаққа әлемдегі ең мықты боксшылар жұдырықтасу үшін ауыстым. Хейланд маған үлкен қысым жасайтынын білемін. Қиын жекпе-жек болайын деп тұр. Өйткені, ол екі жыл қатарынан WBC белбеуіне міндетті қарсылас болып келді. Бірақ Головкин одан қашып жүрді. Ал мен онымен кездесуге келістім. Менің денем ірі, жылдаммын және мықтымын. Орта салмақта өзімді еркін сезінемін. Мен әлемдегі ең үздік боксшы болғым келеді", - дейді Чарло Dontae’s Boxing Nation басылымына берген сұқбатында.
Сондай-ақ амреикалық боксшы Хейландпен өтетін кездесуден кейін мықты боксшылармен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Оның ішінде ол 16 қыркүйек күні өтетін Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездесуге да дайын.
"Менің стильім ол екі боксшыға да келеді. Мен "Канелоның" да, Головкиннің де осал тұсын таба аламын. Өйткені, қазір мен мықтырақ болып келемін. Алдағы кездесуге болжам жасағым келмейді. Бірақ бұл таза соғыс болайын деп тұр", - дейді Чарло.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Жарнама