auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Джермалл Чарло Головкин мен "Канелоны" келісіп алды деп айыптады

Джермалл Чарло Головкин мен "Канелоны" келісіп алды деп айыптады
Джермалл Чарло. Сурет: Stephanie Trapp/ Mayweather Promotions
Америкалық боксшы Джермалл Чарло (26-0, 20 KO) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өткен бірінші кездесуді мұқият зерттегенін және бұл екі боксшының кез-келгенімен кездесуге дайын екенін айтты. 

Оның пікірінше, Головкин мен "Канело" бұл кездесуде келісіп алуы да мүмкін екен. Өйткені, екі боксшы да өте сақ жұдырықтасқан. Нәтижесінде олар 12 раунд жұдырықтасып, кездесу тең аяқталды. 

"Олар кездесудің басынан бастап бірін-бірін аяп жұдырықтасты. Бұл Чарлоның жекпе-жегіне мүлде ұқсамады. Біз жұдырықтасып, қандай жағдай болмасын соққы алу керекпіз. Олар маған келісіп алғандай көрінді. Менің ойымша, мұндай кездесулер қызықты өтуі керек. Бірақ олар барлығын керісінше жасады. 

"Канело" кездесудің басынан бастап барлық күшін ортаға салмады. Ол кейде раундтың басында, кейде раундтың аяғында сылбыр қимылдады. Дәл осы раундтарда Альварес жеңілді. 

Мен бұл боксшылардың екеуімен де кездесуге дайынмын. Мен "Канело" мен Головкиннен де ірімін. Маған тек мүмкіндік беріңіздерші", - деп келтіреді Джермаллдың сөзін Boxingnews24.com порталы. 

Айта кетейік, Чарло қазіргі уақытта орта салмақтағы Головкинге тиесілі WBC белбеуінің міндетті үміткері. Ал бірақ WBC кеңесі GGG мен "Канело" арасындағы кездесуді өткізуді міндеттеді. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін сақтап қалды.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама