Профи-бокс
25 мамыр 2018 11:18
 
Джекрмал Чарло Головкиннің орнына "Канеломен" кездесуге дайын екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Джекрмал Чарло Головкиннің орнына "Канеломен" кездесуге дайын екенін айтты Джермалл Чарло. Сурет: Janer Bigio: Mayweather Promotions

Орта салмақтағы WBC белбеуінің уақытша чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) The Ring басылымына берген сұқбатында осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге келісе алмаса, қазақстандықтың орнын баса алатынын айтты. 

Бұған дейін мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя жекпе-жекті ұйымдастыру барысында Головкиннің командасымен бір қиындықтардың шыққанын айтып еді. Оның айтуынша, Головкин олар ұсынып отырған шарт бойынша жұдырықтасқысы келмейді екен. Сондықтан Де Ла Хойя басқа қарсылас қарастыруға дайын. Олардың қатарында Чарло бар.

"Жақсы болар еді. Мен "Канеломен" кездесуге дайынмын. Егер бұл ұсыныс менің командамның көңілінен шықса, біз келісім береміз. Қазіргі уақытта мен дайынмын. Менің командам мұндай жұмыстарды жақсы атқара алады. Оскар менімен кездесудің қаржылай ұсынысын келіссін. Барлығы шешіледі деп үміттенемін", - дейді Чарло. 

Өз кезегінде Головкиннің промоутері Том Леффлер болса "Канеломен" кездесуден бас тартпағанын хабарлады. Оның айтуынша, Голвкин Головкин екінші кездесу үшін шамалы көбірек ақша алғысы келеді екен. Себебі, ол "Канелоны" ұзақ күтіп қалған. 

Еске салайық, 21 сәуір күні Чарло екінші раундта отандасы кіші Уго Сентеноны (26-2, 14 КО) жеңіп, Головкиннің міндетті қарсыласы атанды. Кездесуден Кейін Джермалл отандасымызды жекпе-жекке шақырды. 

Жарнама

Живи спортом!