Джарелл Миллердің қатысуымен Алматыда өтетін жекпе-жек кешінің постері шықты

©

2 қазан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін бокс кешінің постері шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Бұл жекпе-жек кешін АҚШ-тың Boxing Stars Management промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. 

Аталған жекпе-жек кешінде жанкүйерлерді біраз қызық күтіп тұр. Кешке Дәулет Дәукенов, Айдар Әмірзақов, Дәурен Елеусінов, Ангелина Лукас секілді қазақстандық боксшылар қатысады. 

Сонымен қатар, әуесқойлар арасында әлем чемпионы болған әзірбайжандық Магомедрасул Меджидов пен танымал актер Еркебұлан Тоқтар да өнер көрсетеді. 

Ал кештің басты айқасында америкалық Джермалл Миллер (25-0-1, 21 КО) шаршы алаңға шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар