Димаш Құдайберген Головкин мен "Канело" айқасы жайлы пікір білдірді
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматы қаласындағы жанкүйерлермен кездесу кезінде Геннадий Головкин туралы сұраққа жауап берді, деп жазады inform.kz порталы.
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматы қаласындағы жанкүйерлермен кездесу кезінде Геннадий Головкин туралы сұраққа жауап берді, деп жазады inform.kz порталы.
Құдайберген Лас-Вегаста өткен бұл жекпе-жекке барып, Қазақстанның әнұранын айтқан болатын.
"Мен Головкинді "Канеломен" трилогиядан кейін құттықтадым. 40 жасқа келгеніне қарамастан ол 12 раунд қарсыласпен теңдей жұдырықтасып шықты. Мінез көрсетті.
Мұндай мінезді адамдар аз. Сондықтан мен оны құрметтеймін. Гена мен үшін әрдайым чемпион. Біздің батырға мықты денсаулық пен табыс тілеймін", - деді әнші.
Сонымен қатар, Димаш Головкинмен жеті жылдан бері таныс екенін айтты.
"Ол менің ағам сияқты. Біз үнемі байланыстамыз. Бір-бірімізді қамшылап отырамыз. Біздің елден мұндай чемпиондар көп шықсын", - деді Құдайберген.
Жарнама