Кәсіпқой бокс
6 шілде 2020 21:05

Деревянченконың "Канеломен" жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

DAZN©
Екінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) WBA (Super) және WBC (Franchise) чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) командасы қыркүйек айында өтетін кездесуде укарианлық боксшы Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қанша сыйақы ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Fightnews.info


Сондерстің айтуына, Деревянченко бұл кездесуде орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) өткізген кездесуге қарағанда екі есе аз сыйақы алады екен. 2019 жылы қазан айында өткен бұл кездесуде украиналық боксшы 5,2 миллион доллар алған болатын. 

Сондерстің өзі Альвареспен мамыр айында кездесуі керек еді. Бірақ оған коронавирус пандемиясы кедергі болды. Ал британдық боксшы Альвареспен қыркүйек айында шығудан бас тартты. Себебі, ол кездесуге дайындалып үлгермейді екен. 

Қыркүйек айына жоспарланып отырған кездесуге Альварестің командасы Деревянченкоға 2,6 миллион доллар ұсыныпты. 

"Менің ойымша Boy Promotions басышлары мен "Канело" адамдарға шынайы сыйақыны айтып отырған жоқ. Деревянченкоға Головкинмен өткізген кездесуге қарағанда екі есе аз ақша ұсынып отыр. Сондықтан да мен оны Альвареске қарсы шығады дегенге күмәнмен қараймын. Бірақ нақты айта алмаймын. 

Каллум Смит өзіне лайықты ақша алып, "Канеломен" кездеседі деп сенемін. Дегенмен менің сөзімді есте сақтаңыздар. Смит Альвареспен жақын арада жекпе-жек өткізбейді. Өйткені, оған лайықты гонарар ұсынып отырған жоқ. Мен оны Альварестен кездесуден қашып отыр деп айыптамаймын. Себебі, сен өмір бойы жаттыққаннан кейін, лайықты сыйақы алғың келеді" - деп келтіреді Смиттің сөзін BoxingNews24.com порталы. 

Айта кетейік, бұған дейін Альварестің командасы Деревяченкоға жекпе-жек өткізуді ұсынған тұғын. Одан бөлек, украниалық боксшымен Джермалл Чарло (30-0, 22 KO) да кездескісі келетінін айтты. 

Айта кетейік, Деревянченко 2019 жылдың күзінде Альвареспен кездесуі мүмкін еді. Украниалық боксшы IBF белбеуінің басты үміткері болған. Бірақ мексикалық боксшы белбеуінен бас тартты. Содан соң бос қалған бұл белбеуге Деревянченко мен Геннадий Головкин кездесіп, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.