Деревянченко орта салмақтың үздік боксшыларын атады

Сурет: ringside24.com
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко орта салмақтағы үздік үш боксшыны атады,- деп хабарлайды Boxing News. 

Орта салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Сергей Деревянченко өзі өнер көрсететін салмақтағы үздік боксшыларды тізіп берді. Оның айтуынша, бұл салмақтың лидері "Канело" екен. Ал Головкин екінші орында. 

"Менің ойымша 160 фунтта - "Канело", Головкин, Андраде, Чарло ... Олардың бәрі - мықты жігіттер Олар - шын мәнінде орта салмақтағы нағыз үздіктер", - деді ол. 

Еске сала кетейік, Деревянченко қыркүйек айында WBC титулы үшін орта салмақта Джермаль Чарлоға қарсы жекпе-жек өткізеді.
Метки:
Жаңалықтар