Профи-бокс
6 шілде 2020 17:31

Деревянченко "Канеломен" жекпе-жек өткізуге ұсыныс алды

Сергей Деревянченко. Сурет: DAZN©
Орта салмақта өнер көрсететін укариналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) екі әлем чемпионымен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алды, деп хабарлайды iSport.ua порталы Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап. 

Деревянченконың келесі қарсыласы WBA (Super) және WBC (Franchise) белбеулерінің иегері Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) немесе WBC тұжырымының чемпионы Джермалл Чарло (30-0, 22 KO) болуы мүмкін. 

"Канело" мен Деревянченко арасындағы кездесу 12 қыркүйекте жанкүйерлерсіз өтуі ықтимал. 

Ал өткен аптада Чарлоның бапкері Ронни Шилдс тәлімгерінің WBC рейтингінде көш бастап келе жатқан Деревянченкомен кездескісі келетінін айтты. Негізі бұл кездесудің ұйымдастыру да оңай. Өйткені, екі боксшының да Элл Хэймонмен келісімшарты бар. 

Инсайдер Майк Копинджердің мәліметі бойынша, Альварес Деревянченкоға екінші орта салмақта кездесу ұйымдастыруды ұсыныпты. 

"The Athletic дереккөздері Деревянченконың күзде Альварес немесе Чарлоға қарсы жұдырықтасатынын айтып жатыр. Ол қазірдің өзінде "Канелодан" 12 қыркүйек күні жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алған. Одан бөлек, оның қолында Чарлодан да ұсыныс бар. 

Деревянченко Чарломен кездесу әбден мүмкін. Өйткені, Сергей орта салмақта өзін жақсы сезінеді. Ал оның менеджері Кит Коннолли Элл Хэйменмен жақсы қарым-қатынаста", - деп жазады Коипнджер. 

Айта кетейік, Деревянченко 2019 жылдың күзінде Альвареспен кездесуі мүмкін еді. Украниалық боксшы IBF белбеуінің басты үміткері болған. Бірақ мексикалық боксшы белбеуінен бас тартты. Содан соң бос қалған бұл белбеуге Деревянченко мен Геннадий Головкин кездесіп, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.