Деревянченко Қанат Исламды қалай жеңгенін есіне түсірді

Сурет: WSB
Украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Деревянченко Твиттер парақшасында Бүкіләлемдік бокс сериясында қазақстандық Қанат Исламмен өткізген кездесуі туралы пост салды. 

Ислам мен Деревянченко Бүкіләлемдік бокс сериясында кездесті. Ол кезде Сергей италиялық "Milano Thunder" командасында өнер көрсетсе, Қанат "Astana Arlans" командасының намысын қорғады. Бұл кездесуде Деревянченко төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті. Кейінірек украиналық боксшы "арландар" сапына ауысып, кәсіпқой боксқа кеткенше елордалық клубтың намысын қорғады. 

"WSB. Қанат Исламға қарсы кездесу. Естелік", - деп жазды Сергей твиттер парақшасында. 



Еске салайық, 2019 жылдың қазан айында Сергей Деревянченко тағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесіп, жеңіліп қалды. 

Енді ол келесі кездесуін қазан айында өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джермалл Чарло болады. 



Метки:
Жаңалықтар