auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Деревянченко Головкинмен қашан кездесетінін айтып берді

Деревянченко Головкинмен қашан кездесетінін айтып берді
©:badlefthook.com
Орта салмақтағы IBF белбеуінің міндетті қарсыласы Сергей Деревянченко бұл дивизионның басты проблеммасын айтты. Сонымен қатар LuckyPunch порталына берген сұқбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен қашан кездесуі мүмкін екену туралы айта кетті. 

"Головкинмен жекпе-жекті барлығы күтіп жүр. Мен де. Онымен жекпе-жекті барлығы күтеді. Осы нәрсе шамалы қысым түсіреді. Промоутерлер күтіп жатыр. Ал сенде мүлде жекпе-жек жоқ. Боксшы алдымен промоутерлердің өзара кеңесіп алғанын күтеді, содан кейін ғана кезегі келеді. Бұл тым ұзақ мерзім. Тіпті бір кездесу үшін жарты немесе бір жыл уақытың кетеді. Бірақ мен өз командама және промоутерлеріме мұнда күткім келмейтінін айттым. Головкин не Альварес болмаса, басқа боксшылармен келіссін. Давид Лемье, Джермалл Чарло секілді мықты боксшылар бар. Ал Билли Джо Сондрес бұл салмақтағы бір белбеудің иегері. 

Мұнда ешкім жәйден-жәй нартәуекелге барғысы келмейді. Екі мықты боксшыны ешқандай белбеуге таласпайтын кездесуді ұйымдастыру қиын. Барлық боксшы тек белбеу үшін жұдырықтасқысы келеді. Ал қазір белбеулер Головкин мен Сондерсте. Барлығы Головкинмен кездескісі келеді. Себебі, онымен бір рет кездесіп тәуекел жасап, бірнеше белбеуді жеңіп алуға болады. Егер сенде де, қарсыласыңда да белбеу болмаса, жекпе-жек ұйымдастыру қиын. Міне бұл басты проблемма. 

Сондрес те жәйден-жәй белбеуін бере салғысы келмейді. Бұл бизнес қой. Аты көпшілікке таныс емес боксшымен жұдырықтасып, ол Головкин немесе Альвареспен өтетін кездесудегі секілді ақша таба алмайды. 

Мен міндетті қарсыласпын. Енді бұл сұрақты IBF айналысуы керек. Қазір олар Головкиннің Альвареспен өтетін кездесуіне байланысты оған уақыт берді. Жекпе-жектен кейін IBF Головкинге нақты бір датаны айту керек. Сол уақыттың ішінде ол белбеуін қорғасын. Мысалы, төрт немесе бес ай деген секілді. Сол уақыттың ішінде ол белбеуін қорғанысын болмаса белбеуді босатсын. Оған рейтингтің бірінші және екінші нөмірлі боксшылары таласады.

Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу соншалықты қорқынышты деп айтпаймын. Мен өмірім бойы бокспен шұғылданып келемін. Шаршы алаңға әртүрлі қарсыластармен шығамын. Бұған дейін әуесқой бокста, қазір кәсіпқой бокста. Сондықтан маған қорқынышты емес", - дейді Деревяченко. 

Еске салайық, Деревянченко өткен жылы Головкиннің міндетті қарсыласы атанған болатын. Өткен жылдың тамыз айында ол Туреано Джонсонды (20-2, 14 КО) жеңді. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
30 желтоқсан, 10:09
Кәсіпқой бокс
"Аллаға шүкір". Әлімханұлы қазақ боксы жайлы "Аллаға шүкір". Әлімханұлы қазақ боксы жайлы

Жарнама

Жарнама