"Денсаулығыма көп зиян тиді". Коронавирус жұқтырып алған атақты Оскар де ла Хойя емханадан шықты

©OMAR VEGA/GETTY IMAGES

Даңқты боксшы Оскар Де Ла Хойя коронавирустан айығып, емханадан үйіне шықты. 48 жастағы боксшы індет денсаулығына көп зиян келтіргенін айтты. 

"Жіггітер, сәлем! Мен емханада үш күн жатып, үйге келдім. COVID денсаулығыма зор зиянын тигізді. Вирус жұқтырып алғанған дейін мен жақсы бабымда едім. Енді қайтадан жаттығуға кірісіп, шаршы алаңға ораламын. Қолдау білдіргендеріңізге рақмет", - деп жазды боксшы твиттер парақшасында. 

Еске салайық, Де Ла Хойя 12 қыркүйек күні бокс ережесі бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Виктор Белфортпен кездесуі керек еді. Бірақ коронавирусқа байланысты ол жекпе-жектен бас тартты. Енді Оскардың орнын алдағы кездесуде Эвандер Холифилд басады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар