Профи-бокс
15 қаңтар 2018 10:54
 
Дэнни Гарсия Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуге болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

Дэнни Гарсия Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуге болжам жасады ©: boxingscene.com

Екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Дэнни Гарсия (33-1, 19 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесуге болжам жасады. 

"Олардың бірінші кездесуі тең дәрежеде өтті. Бірақ мен шамалы басқаша өтеді ма деп ойлаған едім. Дегенмен де мен Головкин жеңді деп ойлаймын. Ол шынымен мықты болды. 

Екінші кездесу де бірінші кездесудің сценарийі бойынша өтеді. Алайда екінші кездесуде мен басымдықты "Канелоға" беремін", - дейді Гарсия K.O Artists Sport порталына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Гарсия өткен жылдың қазан айында Альварес екінші кездесуде Головкинді оңай жеңетінін болжаған еді. Оның айтуынша, бірінші кездесуді мексикалық боксшы жаңа салмаққа үйренбей, сол үшін шаршап қалған. "Канело" бірінші кездесудген сабақ алып, екінші кездесуде жеңіске жететінін айтты. 

Сонымен қатар ол Головкинді басымен дұрыс қимылдай алмайтыны үшін сынап, көп соққы жіберетінін де тілге тиек етті. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуде T-Mobile Arena спорт кешешінде жанкүйерлерді жинау көрсеткіші бойынша рекорд орнатты. Ал жалпы кездесудің билеттерінің табысын бұл жекпе-жек бокс тарихында үшінші орынға жайғасты. Daily Mail порталының мәліметі бойынша, бұл кездесу үшін қазақстандық боксшы 25 миллион долар табыс тапса, мексикалық одан 10 миллион көп табыс тапқан.

Жарнама

Живи спортом!