auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Дэниэл Джейкобс Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі

Дэниэл Джейкобс Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі
©:boxingscene.com
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) бірінші орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуде жеңіске жеткен боксшымен кездеседі. Бұл туралы америкалық боксшының промоутері Эдди Хирн айтты. 

"Біз Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездескіміз келеді. Сол үшін де Джейкобс НВО арнасымен келісімшарт жасады. Егер олардың кездесуі мамыр айында өтетін болса, Джейкобс жекпе-жегін сәуір айында өткізеді. Содан соң "Канело" мен GGG арасындағы кездесудің жеңімпазымен жекпе-жекке дайындалады. Сәуір айында біздің қарсыласы Давид Лемье мен Билли Джо Сондерс арасындағы кездесудің жеңімпазы болуы мүмкін. Бұл кездесуде біз чемпиондық белбеуге қол жеткізуіміз ықтимал. Алдағы 12 айдың ішінде Джейкобс Головкин - "Канело" кездесуінің жеңімпазымен міндетті түрде кездеседі, - дейді Хирн Джейкобс пен Луис Ариас арасындағы кездесуге арналған баспасөз жиынында. 

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс биыл 18 наурызда Нью-Йоркте кездескен еді. Джейкобс төртінші раундта нокдаунға түскен, қорытындысында жекпе-жек 12 раундқа дейін созылып, төрешілер жеңісті бір ауыздан Головкинге берген. Джейкобс қазақстандықпен 12 раунд бойы жұдырықтасқан тұңғыш боксшы болды.

Енді америкалық боксшы өзінің келесі кездесуін 11 қарашада АҚШ-та өткізеді. Оның қарсыласы Луис Ариас (18-0, 9 КО).

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін қорғап қалды. Енді олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамыр күні өтуі мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
29 қыркүйек, 15:49
Кәсіпқой бокс
Фьюри кіммен айқасқысы келетінін айтты Фьюри кіммен айқасқысы келетінін айтты
27 қыркүйек, 16:06
Кәсіпқой бокс
"Канело" Биволмен реванш туралы ойын айты "Канело" Биволмен реванш туралы ойын айты

Жарнама

Жарнама