auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Де Ла Хойя "Канелоның" жаза мерзімі аяқталған соң шаршы алаңға қашан оралатынын айтты

Де Ла Хойя "Канелоның" жаза мерзімі аяқталған соң шаршы алаңға қашан оралатынын айтты
reviewjournal.com
Қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтетін кездесудің алдында дрпингпен ұсталып, қазір жаза мерзімін өтеп жатқан екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) шаршы алаңға қыркүйек айында қайта оралады. Бұл туралы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя боксшының жаңа допинг-сынамаларынан кейін айтты. 

Бұған дейін "Канелоның" Невада штатының Алтеттер комиссиясы (NSAC) ұйымдастырған допинг-сынақтан өткені белгілі болған еді. Дәл осы комиссия оны алты айға бокстан шеттеткен болатын. Тексерістің қорытындысы бойынша, мексикалық боксшының ағзасынан кленбутерол дәруменінің іздері табылған жоқ. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу сәуір айының басында мексикалық боксшының бас тартқанына байланысты өтпейтін болды. Негізі боксшылар 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде жекпе-жек өткізулері керек еді. 

"Канелоның" орнына Головкин 5 мамыр күні шыққан тегі армяндық, бірақ АҚШ намысын қорғайтын Ванес Мартиросянмен кездеседі. Жекпе-жек 5 мамыр күні Лос-Анджелес (Калифорния штаты) қаласының маңындағы Карсон қалашығындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. 

Альварестің жаза мерзімі 17 тамыз күні аяқталады. Де Ла Хойяның айтуы бойынша, мексикалық боксшы қыркүйек айында шаршы алаңға қайта оралады. Ал Головкинмен кездесі әлі де оның басты мақсаты екен. 

"Алдымен біз Головкиннің 5 мамыр күні өтетін кездесуі қалай аяқталатынын көруіміз керек. Содан соң барып қандай да бір шешім шығарамыз. Бірақ "Канело" міндетті түрде қыркүйек айында шаршы алаңға оралады. Біздің басты мақсат - Головкин. Дегенмен біз 5 мамырда өтетін кездесудің қалай аяқталатынын білмейміз", - деп келтіреді Де Ла Хойяның сөзін ESPN порталы. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама